«Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (нормативтiк-құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 болып тiркелген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және басқа да орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы № 1 Актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|