Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 Қаулысымен күші жойылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізудің тәртібін айқындайды. 2. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2013.21.10. № 1123 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|