ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 535 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына 2-қосымша
Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу
1. Осы Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 21-бабына сәйкес зерделенді және түзеу мекемелеріне (бұдан әрі - ТМ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі - ТИ) азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және басқа да адамдардың келу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады: 1) Өткізу режимі - арнайы рұқсат бойынша жазаны орындау мекемесінің, тергеу изоляторының аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару) және қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) режимдік объектілерінің аумағына қызметкерлер мен өзге де азаматтарды кіргізу іс-шараларының жиынтығы. 2) Режимдік объектілер - қызмет етуі үшін қосымша қауіпсіздік шаралары орнатылған арнайы объектілер, ұйымдар, мекемелер. Оларға ТИ, ТМ және оның аумақтары, әкімшілік ғимараттары, имараттар, шаруашылық объектілер, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақтар. ҚАЖ-дың режимдік объектілеріне, ТМ-нің және ТИ-дің режимдік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін; бақылаудың жеке визуалдық құралдары - бейне, кино, фотоаппаратураларды, радиотехникалық және басқа да аппаратураларды аумаққа заңсыз кіргізуді (әкелуді); тізімдері ТМ-нің ішкі тәртіп ережесімен (бұдан әрі - ТМ ішкі тәртіп ережесі) бекітілген осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, құралдарды, құжаттарды және азық-түлік өнімдерін кіргізуді (әкелуді), шығаруды (алып шығуды); ҚАЖ режимдік объектісінің аумағынан құжаттар мен тиісті бұйымдарды рұқсатсыз шығаруды (алып шығуды) болдырмауға арналған. Өткізу режимі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|