ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 536 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына 3-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті және тексеру өндірісін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 77-бабына сәйкес әзірленген және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрі - ТМ) сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін және тексеру өндірісін ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Қадағалау қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету түзеу мекемесі бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасарына (бақылаушылар қызметі жөніндегі бөлініс командирінің орынбасарына) жүктеледі. 3. ТМ-дегі қадағалау - бұл бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны орындау процесін сотталғандардың олар орналастырылған және жұмыс істейтін жерлердегі жүріс-тұрысын ұдайы бақылау арқылы қамтамасыз етуге, олардың құқыққа қарсы іс-қимылдарының алдын алу мен жолын кесуге, оқшаулауды, сондай-ақ сотталғандардың, ТМ әкімшілігінің қызметкерлері мен Ішкі әскерлер (бұдан әрі - ІӘ) әскери қызметшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. 1) сотталғандардың жаңа қылмыстар мен басқа да қоғамға жат қылықтар жасауын болдырмау және жолын кесу мақсатында олардың жүріс-тұрысын ұдайы бақылау; 2) сотталғандардың Түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіп ережелерінде (бұдан әрі - Ішкі тәртіп ережелері) көзделген күн тәртібін, өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|