ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.09.07. № 699 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.09.07. берілген өзгерістермен)
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және Астана қ., Жеңіс д., 16\1, 4-қабат, сол қанат мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Комитеттің интернет-ресурсында (www.educontrol.kz.); 2) орталықтың интернет-ресурсында (www.naric-Kazahstan.kz); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|