ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген
«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
1. «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары; 2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары; 3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы; 4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары; 5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы; 6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) www.educontrol.kz уәкілетті органның интернет-ресурсында; 2) порталда орналасқан. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|