«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде: 65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «65. Жекеше нотариустың мөрі осы Ережелерге 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше нотариус мөрінің эскизіне сәйкес дайындалады.»; Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1 қосымшамен толықтырылсын; 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпанда бекітілген № 16 «Жекеше нотариустың мөрі туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 702 болып тіркелген). 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|