Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкiметтің кейбір шешiмдерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтыру 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат): 1, 3, 5, 6-тармақтардағы «Ақпарат» деген сөз «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «Ақпарат бiрiншi вице-министрi Олег Григорьевич Рябченко» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 238-құжат): 7-тармақтың екiншi абзацындағы «Ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|