Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
«Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5 бұйрығын қараңыз
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 қаулысымен бекітілген
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) - инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жоба алды құжаттама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|