ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік
1. Мемлекеттік қызмет тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 29 шілдесіндегі № 843 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, ресми ақпарат көздерінде, және осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, Орталықтың стенділерінде орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі шетелдік бұқаралық акпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) есепке алу туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: ЖАО өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік қызмет: а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; 2) тіркелген кезде тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут; 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут; Орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік қызмет: а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде; 2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минут; 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут; 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 1) ЖАО өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларда қабылданады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14.00-ге дейін; Портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу ЖАО жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады. 2) Орталыққа өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кесте белгіленеді, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайларда тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Ғимаратқа кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын отырғыштар, толтырылған бланк (өтініш) үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін, тұтынушы мыналарды ұсынады: ЖАО өтініш білдірген кезде: 1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда: өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы; таратушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегі, аты, әкесінің аты), орналасқан орны (тұрғылықты жері); Қазақстан Республикасының аумағына таратылатын шетелдік БАҚ атауларының толық тізбесі; шетелдік БАҚ таратылу аумағы; таратылатын шетелдік БАҚ тілі (тілдері); таратылатын шетелдік БАҚ негізгі тақырыптық бағыттары көрсетілуі тиіс; 2) таратушы жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі; 3) таратушы заңды тұлғалар үшін (филиал немесе өкілдік) - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есептік) туралы куәліктің көшірмесі; Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұранысты жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады; Орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда: өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы; таратушының мәртебесі (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегі, аты және әкесінің аты), орналасқан орны (тұрғылықты жері); Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ атауларының толық тізбесі; шетелдік БАҚ таратылу аумағы; таратылатын шетелдік БАҚ тілі (тілдері); таратылатын шетелдік БАҚ негізгі тақырыптық бағыттары көрсетілуі тиіс; 3) таратушы жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі; 4) таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есептік) туралы куәліктің көшірмесі. Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелердің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді. 12. Мемлекеттік қызметті ЖАО арқылы алу үшін бланкілер толтыру талап етілмейді. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс нысаны толтырылады. Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады. 13. Мемлекеттік қызметті ЖАО арқылы алу үшін құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады. Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 14. Шетелдік бұқаралық акпарат құралдарын таратуға анықтама беру үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі ЖАО-ның осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алуын растайды. Тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы Жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып хабарлама есеп жолданады. Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға: 1) сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны; 5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. 15. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға анықтаманы ЖАО тұтынушыға жеке өзі келгенде береді, не портал арқылы жібереді. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларда жүргізіледі. Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Құжаттар дұрыс рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде ЖАО тұтынушыға не Орталыққа бас тарту себебін жазбаша негіздеп құжаттарды қайтарады.
17. ЖАО және Орталық қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау; 3) сыпайылық; 4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну; 5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. ЖАО-ның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 207-кабинет, телефон: (7172) 74-04-82, сондай-ақ байланыс мәліметтері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі саясат басқармаларының басшылары түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша Орталық басшысына жүгінеді. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58. 21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz. 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармаларының басшыларының атына, сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағым беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы. 24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Өтінуші өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді: 1) тегі, аты, әкесінің аты; 2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы; 3) шағымның мәнін баяндау; 4) жеке қолы және күні. Қажет болған жағдайда, өтінуші өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді. 25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді. 26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстық, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің телефондары арқылы алуға болады.
маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайы
маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
|