ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.06.06. № 580 Қаулысымен мемлекеттік қызметінің стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген
«Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» (2013.06.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-тармақтарына, «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат: 1) уәкілетті органның: www.comprom.kz интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mint.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның ғимаратында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда; 4) порталда орналастырылады. 5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) қағаз тасығышта беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|