Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған. 3. «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - стандарт) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру болып табылады (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады. Тұтынушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) болған кезде қызмет уәкілетті органның цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетіледі. 6. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама құқық иесінің (уәкілетті өкілінің), іс жүргізуіндегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау және сот органдарының, салық органдарының, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдерде конкурстық және оңалту басқарушылардың, қорғаншы және қамқоршы органдардың сұраулары бойынша беріледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды. 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Тұтынушы ақпараттық қызметті электронды түрде алуға жүгінген кезде: 1) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама сауал түскен сәттен бастап 30 минут ішінде электронды түрде беріледі; 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. 3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін құжаттар қабылданады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар мыналарды: 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сауалды; 2) жеке басын куәландыратын құжатты; 3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын ұсынады. Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда талап етілген ақпараттың негіздемесі, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты (арналуы) көрсетіледі. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беруден мынадай жағдайларда: 1) тиісті емес тұлға жүгінгенде; 2) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар толық ұсынылмағанда; 3) құжаттар тиісті түрде рәсімделмегенде бас тартады. Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімінде уәкілетті орган одан әрі тұтынушыға ұсыну үшін Орталыққа бас тартудың себебін көрсетіп хабарлама жолдайды.
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерінің сапа және қол жетімділік көрсеткішінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға № __________ Сауал
Мен, ________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке тұлғаның тұратын жері, ____________________________________________________________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы және деректемелері) ____________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері) ___________________________________________________________________________________________________ атынан әрекет етуші (уәкілетті өкіл толтырылады) Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы; жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы; жылжымайтын мүліктің меншік иесінің (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша; жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.
Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі ____________________________________________________________________________________ Объектінің тұрған жері _________________________________________________________________________________________________ Мына құжаттарды қоса беремін: _____________________________________________________________________________________________________________________ Күні ______,________________________________________________________________________________________/_________________ (өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы) _____________________________________________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы) Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі:________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________ тексерілді: күні ___________ 20__ж. _____________________________________________________________________________________________________________________ (маманның Т.А.Ә. және қолы)
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|