|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысымен бекітілген
«Тууды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі. Тууды тіркеуге электрондық өтініш беру бөлігінде мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған ретте, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы да көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3 және 9-баптарының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) порталда; 4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-орталық телефоны (1414) арқылы да ұсынылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: 1) уәкілетті органда: тууды мемлекеттік тіркеу және тууды тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға құжатты қағаз жеткізгіште беретін өкілетті тұлғаның қолы қойылған, енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулермен жаңа куәлік не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 2) орталықта: тууды тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық құжат нысанында беру болып табылады. Құжатты қағаз жеткізгіште беретін өкілетті тұлғаның қолы қойылған, енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулермен жаңа куәлік не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 3) порталда: уәкілетті органның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы тууды тіркеуге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарламасын алу не электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: уәкілетті органға жүгінген кезде: 1) тууды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді). Осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады мемлекеттік қызмет алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді). Заңнамада белгіленген мерзімді бұза отырып, тууды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетіледі. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың Орталық серверінде республика бойынша актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. орталыққа жүгінген кезде: 1) тууды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді). Осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда: мемлекеттік қызмет күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетіледі. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде республика бойынша актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады; 2) мемлекеттік қызмет алушының жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 3) жүгінген күні мемлекеттік қызмет алушыға сол жерде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. Портал арқылы өтініш білдірген кезде тууды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 8. Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. 1) уәкілетті органның жұмыс істеу кестесі: күн сайын, сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады. 2) орталықтың жұмыс істеу кестесі: мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 3) Порталдың жұмыс істеу кестесі - тәулік бойы. 10. Уәкілетті органның үй-жайында мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады. Кабинеттерде толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет алушының тұратын жері бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслосы, толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тууды тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы не оның өкілетті өкілі уәкілетті органға немесе орталыққа: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымша); 2) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген тұлғалар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесін; 3) баланың тууы туралы емдеу мекемесінің анықтамасын; 4) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда: 1) ата-анасының түсініктемесі; 2) баланың туған жері мен ата-анасының тұратын жері бойынша туу туралы актілік жазбаның жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда); 3) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтамасы; 4) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат. Мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады. Уәкілетті органның қызметкері немесе орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқалығының мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алған мәлімметтерімен түпнұсқалылығын салыстырып тексеріп, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы: 1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті; 2) мемлекеттік қызмет алушының туу туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - туу туралы тіркеу анықтамасын. 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттарды; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салықтық жеңілдіктерді берудің негізі болып табылатын құжатты; 5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады. Порталда тууды тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы: 1) мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілсе, электрондық сұрау салуға сканерленген көшірме түріндегі құжат бекітіледі. 4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің баланың туу фактісін растайтын мәліметтерін ұсынады. 12. Өтініштің үлгісі порталда, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімі «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» кіші бөлімі) немесе мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ « Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырылады: www.con.gov.kz. Порталға жүгінген кезде сұрау салуды электрондық құжат нысанында толтыру қажет. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады. Порталда электрондық сұрау салудың қабылдануы мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға: 1) сұрау салуды қабылдау күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беру күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат береді. орталыққа жүгінген кезде: 1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының тегі, аты, әкесінің аты, өкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп-хабарламасы жіберіледі. 15. Дайын құжаттарды беру уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызмет алушы өтінішпен келген кезде, онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық қызметкері күн сайын «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету нәтижесі оның «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, (оның ішінде міндетті жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға жазбаша дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органдағы құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді. Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды белгіленген мерзімде алуға өтініш білдірмесе, орталық олардың 1 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға беріп жібереді. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты мемлекеттік қызмет алушы жазбаша түрде уәкілетті органнан не порталдағы «жеке кабинетінен» электрондық құжат түрінде алады.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі түсіндірілуі және шағымды жазуға жәрдем көрсетілуі үшін мемлекеттік қызмет алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа немесе порталға жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталықтың басшысына беріледі. Орталықтың берген жауабымен келіспеген жағдайда, шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК атына беріледі. 22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар. 23. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде не осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Шағымның уәкілетті органға қолма-қол әрі пошта арқылы түскенінің дәлелі, оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркелуі болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Өтінішпен қолма-қол жүгінген жағдайда, шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қараудың нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа жүгінген кезде шағымның қолма-қол әрі пошта арқылы түскенінің дәлелі, оның орталықтың кеңсесінде немесе «Орталық» РМК-да тіркелуі болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қараудың нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Портал арқылы жүгінген кезде: Электрондық өтініш портал арқылы жіберілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинеттегі» өтініштің мемлекеттік органда қаралуы барысында жаңаланып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. 26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефоны: 77172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz
«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |