Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы (2013.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 559 бұйрығының күші жойылсын (Мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6746 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 141-144 (26546) жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|