Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 Қаулысы
(2012.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен тақырыбында және 2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын және 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, мәтінде «жеңіл» деген сөз алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативi (бұдан әрi Норматив) бекітілсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасына «Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекітілген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттік органдарға:
«Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2010 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
1) «Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын;
2) 2010 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
3) ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің бекітілген тиістілік нормасын іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Н. Балғымбаев |
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен Қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «жеңіл» деген сөз алынып тасталды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359; 22.08.01 ж. № 1098; 14.02.02 ж. № 216; 2005.18.03. № 248 (бұр. ред. қара); 2005.02.12. № 1185 ; 2006.08.08. № 745 (бұр.ред.қара); 2007.09.04. № 281 ; 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 839 (бұр.ред.қара) қаулыларымен нормативке өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 2009.06.08. № 1189 Қаулысымен тиістілік норматив жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.10. № 1148 Қаулысымен (бұр.ред. қара); 2012.04.06 № 739 Қаулысымен (бұр.ред. қара) тиістілік норматив өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі
Р/с № | Мемлекеттік органның атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | | Парламент Палатасының Төрағасы | 1 | | | 2600 |
Премьер-Министр | 1 | | | 2600 |
Мемлекеттік хатшы | 1 | | | 2600 |
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің көмекшісі | 1 | | | 2600 |
Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы | 1 | | | 2000 |
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | | | 2000 |
Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Протокол бастығы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | | | 2000 |
Астана қаласында | 15 | | | 2600 |
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | | 5 | | 2600 |
Қонақтарға арналған | | 25 | | *** |
3 | Президенттің Іс басқармасы | Президенттің Іс басқарушысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Аппарат, ведомство басшысы | 1 | | | 2000 |
4 | Парламент | Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Тұрақты комитет төрағасы | | 1 | | 2600 |
Депутаттар | | 3-не 1 бірлік | | 2600 |
5 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
Қонақтарға арналған | | 4 | | *** |
6 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1******** | | | 2600 |
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1******** | | | 2600 |
Алматы қаласында көлік қызметін көрсету | 12 | 1 | | 2600 |
Қонақтарға арналған | | 14 | | *** |
7 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | | | 2600 |
Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 1 | | 2000 |
Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
8 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы) | Төраға | 1 | | | 2600 |
Төрағаның орынбасары | 1 | | | 2600 |
Есеп комитетінің мүшелері | 1 | | | 2000 |
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | | 5-не 2 бірлік | | 2600 |
Есеп комитетінің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
9 | Жоғарғы Сот | Жоғарғы Соттың Төрағасы | 1 | | | 2600 |
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2000 |
Жоғарғы Соттың судьялары | | | 3-ге 1 бірлік | 2600 |
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы | 1 | | | 2000 |
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
10 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2600 |
11 | Аудандық және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
12 | Бас прокуратура | Бас прокурор, Бас әскери прокурор | 1 | | | 2600 |
Бас прокурордың, Бас әскери прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы | 1 | | | 2000 |
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | | | 2000 |
13 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
Прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
14 | Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
15 | Министрліктер мен агенттіктер | Министр | 1 | | | 2600 |
Агенттік төрағасы | 1 | | | 2600 |
Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
Агенттік төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Жауапты хатшы | 1 | | | 2600 |
16 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі | 1 | | | **** |
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары | 1 | | | **** |
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы | 1 | | | **** |
Қонақтарға арналған | | 2 | | **** |
17 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі | 1 | | | **** |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары | 1 | | | **** |
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі | 1 | | | **** |
17-1 | Жергілікті өкілді органдар | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихат хатшысы | 1 | | | 2600 |
| Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат хатшысы | 1 | | | 2000 |
17-2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы | 1 | | | ******* |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері | | 2-не 1 бірлік | | ******* |
18 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
100-ден 200-ге дейін | | | 2****** | 3000-нан көп емес | *** |
200-ден 300-ге дейін | | | 3 | 3000-нан көп емес | *** |
300-ден 500-ге дейін | | | 4* | 3000-нан көп емес | *** |
| 500-ден 900-ге дейін | | | 5 | 3000-нан көп емес | *** |
| 900-ден 1300-ге дейін | | | 7 | 3000-нан көп емес | *** |
| 1300-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету | | | 9 | 3000-нан көп емес | *** |
| | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
19 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
20 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
21 | Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету ***** | | | | | |
Ақмола облысы | | | 306 | 3000-нан көп емес | ***** |
Ақтөбе облысы | | | 216 | 3000-нан көп емес | ***** |
Алматы облысы | | | 306 | 3000-нан көп емес | ***** |
Атырау облысы | | | 141 | 3000-нан көп емес | ***** |
Шығыс Қазақстан облысы | | | 306 | 3000-нан аспайды | ***** |
Жамбыл облысы | | | 186 | 3000-нан көп емес | ***** |
Батыс Қазақстан облысы | | | 216 | 3000-нан көп емес | ***** |
Қарағанды облысы | | | 291 | 3000-нан көп емес | ***** |
Қостанай облысы | | | 321 | 3000-нан көп емес | ***** |
Қызылорда облысы | | | 141 | 3000-нан көп емес | ***** |
Маңғыстау облысы | | | 126 | 3000-нан көп емес | ***** |
Павлодар облысы | | | 216 | 3000-нан көп емес | ***** |
Солтүстік Қазақстан облысы | | | 231 | 3000-нан көп емес | ***** |
Оңтүстік Қазақстан облысы | | | 246 | 3000-нан көп емес | ***** |
Астана қаласы | | | 40 | 3000-нан көп емес | ***** |
Алматы қаласы | | | 35 | 3000-нан көп емес | ***** |
21-1 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету | | | 1 | 2600-ден көп емес | ******* |
22 | Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді
**** жергілікті атқарушы органдар үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады
***** жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ олар бойынша жүру лимитін айқындау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады
******хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызметтің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы үшін саны 3 бірлік кезекші автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін.
******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша анықталады
********осы норматив, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарларына да қолданылады.
Осы тиістілік нормалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс бөлімдеріне қолданылмайды.