Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметінің тиімділігін бағалауға талдау жүргізу және Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) және Жоспар бағыттары бойынша белгілеу бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары Жоспармен белгіленген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін: 1) Жоспармен бекітілген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) Ішкі бақылау басқармасы (А.Д. Қасымов) ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторының қатысуымен 2012 жылғы 10 тамыздағы кеңес хаттамасында берілген тапсырмаларды орындау жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат, одан әрі тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Мемлекеттік инспекторға беру үшін ұсынсын; 3) Министрліктің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру барысына тұрақты мониторинг жүргізу және бағалаушы органдардың қорытындыларына сәйкес ескертулерді жою үшін жауапты тұлғалар бекітілсін; 4) ай сайын өз құзыреті бөлігінде Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жауапты тұлғаларды тыңдаумен арнайы жұмысшы кеңестер өткізілсін; 5) ұдайы әрбір бағыт бойынша қызмет тиімділігін бағалау әдістемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілсін; 6) бағалаушы органдардың қорытындыларында көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар кешені жыл сайын әзірленсін және жүзеге асырылсын. 3. Барлық бағыттар бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жауапты орындаушы болып Ішкі бақылау басқармасы белгіленсін. 4. Ішкі бақылау басқармасы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|