Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру қағидасын бекіту туралы (2015.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 4-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 40-бабы 2-тармағына және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.27.02. № 205 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы нұсқама нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімді өткізуге тыйым салу туралы нұсқама нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес метрологиялық нормалар мен қағидалардың бұзылуын жою туралы нұсқама нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы нұсқама нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының және шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналыс үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағы тауарының және шетелдік тауардың нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Нұсқамаларды беру қағидасы бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|