Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесін бекіту туралы (2011.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi бекітілсiн. 2. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 4, 53-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысымен бекітілген
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу тәртібін айқындайды. 2. Жер бетіндегі судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. 3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгіленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады. ҚР Yкіметінiң 2011.29.03. № 286 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес, аумағының енi отыз бес метрден кем емес су қорғау белдеулерi ажыратылады. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылық пайдалану режимiн жергілiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органмен келісім бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеттi органмен, ал сел қаупi бар аудандарда қосымша - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келiсілiп бекітілген жобалық құжаттама негiзiнде белгiленедi. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдары жергiлiктi атқарушы органдардың тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Жекелеген су объектiлерi (немесе олардың учаскелерi) бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жобаларына нақты объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қажеттiлiгiне, сондай-ақ мүдделi жеке және заңды тұлғалар да тапсырыс беруші болады. 2. Су қорғау аймақтарын белгiлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Әрбiр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар енi көп жылдық межелік деңгейi кезіндегі су жиегiнен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдық деңгейi кезіндегі су жиегiне дейiнгi (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкi жағалауындағы тiк жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептелiп, белгiленедi: шағын өзендер (ұзындығы 200 км-ге дейiн) үшiн - 500 м; басқа өзендер үшін: шаруашылыққа пайдаланудың қарапайым жағдайлары мен су жинаудағы қолайлы экологиялық жағдайында - 500 м; шаруашылыққа пайдаланудың күрделi жағдайлары мен су жинаудағы қауырт экологиялық жағдайында - 1000 м. Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты тiрелген деңгейi кезіндегі су жиегi бойынша өтедi. Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су айдынының акваториясы 2 ш.м. және акваториясы 2 ш.м.-ден acca, 300 м. болып белгiленедi. Көлдер үшiн су қорғау аймағының iшкi шекарасы судың көп жылдық деңгейiнiң жағалаулық шегi бойынша өтедi. Су қорғау аймақтарының көрсетiлген көлемдерi су объектiсiнiң шаруашылық пайдалану маңызы мен сипатына, санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiне, iргелес аумақтар мен объектiлердiң жергiлiктi физикалық-географиялық, топырақ, гидрологиялық, рельефтiк және басқа да жағдайларына қарай нақтыланады. Су объектілерiнiң, жағалауларында орналасқан орманды алқаптар Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су қорғау аймақтарына енгiзіледi. Табиғи және жасанды шептер немесе жоғарыда орналасқан аумақтардан (өзендер мен сайлардың бұрмалары, жол-көлiк желісі, тоспалар, орманды алқаптардың мүйiстерi) сарқынды сулардың су объектiлерiне ағуы мүмкiндiгiн болдырмайтын кедергiлер су қорғау аймағының шекарасы болады. 3. Су қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртібі ҚР Yкіметінiң 2011.29.03. № 286 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Су қорғау белдеулерiнiң ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрi, iргелес дөңдердiң тiк-еңiстiгiн жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуi болжамын есепке ала отырып, айқындалады әрi барлық су объектiлерi үшiн мынадай көлемдерде белгіленедi:
Су қорғау белдеулерінің көрсетiлген көлемдерi он жылғы кезеңдегi жағалауды қайта өңдеудiң болжамды енiне көбейтіледi. Жағалауында ағаш-бұта немесе қорғаныштық әрi жағалауды бекiтетiн құрылыстар болған жағдайда құнды ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерi енiнiң азайтылуына рұқсат етіледi. Шағын өзендер бастауларында су қорғау белдеулерi енi былай белгіленедi: орман жоқ аудандарда - осы Ережеге сәйкес енi кемiнде 35 м. ағаш-бұта белдеуi салынады; орманды аймақтарда - Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес. 9. Елдi мекендер шегiнде су қорғау белдеулерiнiң шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектiсiнiң қоқыстануы әрi ластануын болдырмайтын жағалау аймағын мiндеттi түрде инженерлік немесе орман-мелиоративтiк жайластыруды (парапеттер, орағытып өту, орман-бұта белдеулерi және т.б.) ескере отырып, белгiленедi. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ұйымдастыру суды кешендi түрде пайдалану мен қорғау схемаларында көзделген су жинаудағы су қорғау iс-шаралары кешенiмен бiрге жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 604 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және өзге де халық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын су көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын құру қажеттілiгiн жоққа шығармайды, олардың шекаралары мен көлемдерi Қазақстан Республикасының Су кодексімен сәйкес белгіленедi.
|