ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 722 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.12.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары (бұдан әрі - Кадастрды жүргізетін кәсіпорын) тарапынан және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 34 және 43-баптары негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында; 3) Кадастрды жүргізетін кәсіпорындардың ғимараттарындағы стенділерінде; 4) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында; 5) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 6) орталықтың стенділерінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|