|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетеді. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 268-274-баптарының және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стендтерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) уәкілетті органда: қайтыс болуды тіркеу және қайтыс болғаны туралы куәлікті қағаз жеткізгішпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру болып табылады. Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен бекітілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік, не қағаз жеткізгішпен дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 2) орталықта: қайтыс болуғаны туралы куәлікті қағаз жеткізгішпен беру не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен бекітілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік беру, не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: уәкілетті органға жүгінген кезде: 1) қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызмет алушыға хабарландырыла отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұзартылады. 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; орталыққа жүгінген кезде: 1) қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызмет алушыға хабарландырыла отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұзартылады. 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 8. Қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізгені үшін мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. 9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: құжаттарды қабылдау сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен ұсынылады. орталықтың жұмыс кестесі: мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 10. Уәкілетті органның үй-жайында мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады. Кабинеттерде толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрған жері бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күтушілерге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Қайтыс болуды тіркеуді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның уәкілетті органы орталыққа не уәкілетті органға: қайтыс болуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымша); 2) қайтыс болу фактісін растайтын құжатын; 3) қайтыс болған адамның жеке басын растайтын құжатты; 4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты; қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді үшін: 1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген нысандағы өтінішті; 2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлікті, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - қайтыс болған тіркеу анықтамасын; 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттарын; 4) уәкілетті органға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады. 5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдігін беруге негіз болып табылатын құжатты; 6) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады. Уәкілетті органда немесе орталықта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады. Уәкілетті органның қызметкері немесе орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің деректерімен тексереді, содан кейін түпнұсқалы құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы куәлік қайтыс болған адамның мұрагерлеріне жататын адамдарға беріледі. 12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz порталында, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімі «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» кіші бөлімі) немесе мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залының арнайы тағанында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. Мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшаға көрсетілген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады. 14. Тиісті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салуды қабылдаған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 3) құжаттарды беретін күні мен уақыты; 4) құжаттарды ресімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Орталыққа жүгінген кезде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі мен қабылдаған күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет көрсету түрі 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беретін жер мен күні (уақыты); 5) құжаттарды ресімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, есімі, әкесінің аты; 6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, есімі, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, есімі, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Уәкілетті органның маманы осы стандарттың 11-тармағында көзделген дайын құжаттарды беруді мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген кезде онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған кезде (оның ішінде міндетті жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органдағы құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда орталық оның 1 ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді де, содан соң оны уәкілетті органға қайтарады.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беру тәртібіне түсіндірме және шағымды әзірлеуге жәрдем алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті орган басшысының атына сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліс пен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін шағым беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына жұмыс күндері, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс пен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталық басшысына беріледі. Орталықтың жауабымен келіспеген жағдайда, шағым осы стандарттың 26-тармағында мекенжайы мен телефоны көрсетілген «Орталық» РМК атына беріледі. 22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не осы стандарттың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органдар ұсынған сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуді растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Шағымдардың уәкілетті органға пошта және қолма-қол қабылданғанының расталуы уәкілетті органның кеңсесінде олардың жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің журналына тіркелуі болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағыммен қолма-қол жүгінген жағдайда шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қараудың нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанының расталуы олардың орталықта немесе «Орталық» РМК кеңсесінде тіркелуі болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қараудың нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, www.minjust.kz. Интернет-ресурсы. 26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефоны: 77172- 94-99-95,. www.con.gov.kz интернет-ресурсы
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |