Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы (2014.22.04. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 2-16-139 ұсынуы бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін. 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Карантин аймағын белгілеу туралы» 2009 жылғы 14 тамыздағы № 187 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 мемлекеттік тілде тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы облыстық «Орал өңірі» газетінде № 96 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014.22.04. № 73 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2012 жылғы 12 қазандағы № 192 облыс әкімдігінің қаулысына қосымша
Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режим енгізілетін карантинді аймақ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|