Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1504 қаулысымен бекітілген
Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мақта нарығына мониторинг жүргізудің тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 2) мақта нарығына мониторинг (бұдан әрі - мониторинг) - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 3) мониторинг объектілері - мақта нарығына қатысушылардағы шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|