Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы (2012.19.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.27.09. № 852 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 492 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты
ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 492 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия қызметінің мақсаттары: 1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру, ақпараттандыру және мемлекеттік мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу; 2) мемлекеттік қаражат (оның ішінде қарыздар) есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу; 3) «ақпараттық қоғамды» және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; 4) «электрондық үкімет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 492 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға»«ақпараттық қоғам» жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 2) мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 3) деректерді электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 4) «электрондық үкімет» қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, «ақпараттық теңсіздікті» жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; 5) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін»«электрондық үкіметті» қалыптастыру және»«ақпараттық қоғамды» дамыту проблемалары жөнінде материалдар мен ұсынымдар даярлау; 7) ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі үдерістерін үйлестіру; 8) ақпараттық қауіпсіздікті және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу; 9) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық, әкімшілік, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; 10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу; 11) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі мен өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; 12) ақпараттық жүйелерді, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның ішінде олардың сәйкестігін растау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; 13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік ақпараттық ресурстарды, қорғау жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне талдау жасау, оның негізінде ақпаратты қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау; 14) ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге қарсы іс-қимылға бағытталған халықаралық уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; 15) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын іске асыру кезеңдерін талдау, оның негізінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау; 16) мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын қарау болып табылады. Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес: 1) «электрондық үкіметті» қалыптастыру, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру мен «ақпараттық қоғамды» дамыту жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді; 2) мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша «ақпараттық қоғамды» қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды әзірлейді; 3) «электрондық үкіметті» қалыптастыру жөніндегі жұмысты және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін үйлестіреді; 4) мемлекеттік мекемелерде «электрондық үкіметтің» базалық құрамдастарын, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді құру, енгізу, сүйемелдеу және пайдалану үдерісін ұйымдастыру жөніндегі және ақпараттандыру саласында қолданудан босаған активтерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді; 5) Қазақстан Республикасын ақпараттандырудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселелерін шешкен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 6) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгізілген өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады; 7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бюджет қаражатын, директивалық кредиттерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерін (оның ішінде қарыздар) пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді; 8) «электрондық үкіметтің» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; 9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту мен жетілдіру, ақпарат саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерін қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу мәселелері және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 11) мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; 12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; 13) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндірістік базаны дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды; 14) ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы барысы туралы мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; 15) елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 16) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамытуға және сүйемелдеуге байланысты кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөніндегі ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнінде Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынымдық сипатта қорытындылар береді; 17) ақпараттық қауіпсіздік саласында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды; 18) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын іске асыруға ақша қаражаты бөлінуінің мақсатқа сай болуы туралы ұсынымдар әзірлейді; 19) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде мемлекеттік органдардың жұмыс үдерістерін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
5. Комиссия өз құзыретінің шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін: 1) өз құзыретінің шегінде ақпараттандыруды жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті шешімдер қабылдауға; 2) заңнаманың талаптарына сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға; 4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға; 5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге құқылы.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді. 7. Комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді. 8. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссия өзінің отырыстарын жарты жылда бір рет отырыстардың бекітілген жоспарына сәйкес өткізеді. 10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 11. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешуші мәнге ие. 12. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 492 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда 13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктеледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 7, 53-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 46, 428-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 1458 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 445-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1870 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 17, 177-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 3, 33-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі № 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 175-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1697 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 577-құжат). 10.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 56-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы № 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 66-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 маусымдағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 19, 206-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 370-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 14, 145-құжат). 15.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 748 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 301-құжат). 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 65-құжат). 17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 684 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат). 18. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат). 19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 256-құжат). 20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 1176 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 44, 587-құжат). «21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 135-құжат).
|