Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
«Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 84 бұйрығын қараңыз
«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен бекітілген
Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидалары «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қолданыстағы, консервациядағы және жойылатын магистральдық мұнай құбырларының және олардың объектілерінің меншік иелеріне, сондай-ақ таратылатын магистральдық мұнай құбырларының объектілерінде жұмыстарды жүзеге асыратын меншік иесі болып табылмайтын операторларға, жеке және заңды тұлғаларға магистральдық мұнай құбырларын пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авария — ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындылары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|