ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген
«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру»
«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 13-баптың 1-тармағы 8) тармақшасына және 220-бабына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі); 2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін. 5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы Орталықтың уәжделген жауабы болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының резидент еместеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|