|
|
|
Қазақстан Республикасыңың аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 Қаулысымен күші жойылды
«Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе занды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлері бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 629-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде жекелеген қызмет түрлері
Ескертпе: *Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлем карточкаларын қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау: 1) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлердегі дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимі қолданылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды. **Өздері өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерін, өздері өндіретін акваөсіру (балықшылық) өнімдерін, далаға шығарылатын сату сөрелері, автодүкендер, шатырлар, киоскілер, контейнерлер және сауда базарларының аумағында арқылы қызметін жүзеге асыратын көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |