Өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ (2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өрт қауiпсiздiгі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Өрт қауiпсiздiгінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
?кіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 48 қаулысымен бекітілген
Өрт қауiпсiздiгінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектілердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың нормалар мен ережелердiң, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердiң жобаларын (бұдан әрi - құжаттардың жобалары) келiсудiң негiзгi ережелерiн белгілейдi. 2. Жобалау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ объектілер құрылысын салуға жобалық құжаттаманы әзiрлеушілер қажет болған кезде тиiстi ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың өрттен қорғау ерекшелiгiн бейнелейтiн жобалық шешiмдердi әзiрлеуi тиiс. 3. Жобалық шешiмдер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ құрылыс объектiлерiн салуға арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеу үшiн негізгі бастапқы құжат болып табылады. 4. Келiсуге жататын құжаттардың жобалары халықтың өмiрi мен денсаулығын, меншiкті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн талаптарды қамтуы және өрттердiң шығуы мен өрлеуiн болдырмауға, сондай-ақ оларды сәтті сөндіруге бағытталуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Құжаттардың жобаларын келісу өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілеттi органда, аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында жүргiзіледi. 6. Келiсуге мынадай құжаттар жобаларының кемiнде 2 данасы: 1) өрт қауiпсiздігінің талаптарын белгілейтiн халықаралық соның iшiнде ТМД елдерiнің өңірлiк стандарттары, ұлттық және салалық стандарттар, қоғамдық ұйымдардың стандарттары; 2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың жобалары; 3) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн нормалар мен ережелер, сондай-ақ: 4) жобалау нормалары мен ережелерi жоқ құрылыс объектiлерi мен кешендерiне арналған жобалық шешiмдер 3 данада ұсынылады. 7. Келiсуге құжаттардың жобаларынан басқа жану, тұтану тобы, оттың үстіңгi бетпен таралуы, түтiн шығару қабiлетi және уыттылығы бойынша өнiмдердiң, заттардың, материалдардың өрт қауiпсiздігі көрсеткiштерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес айқындалатын құрылыс объектілерiнiң функционалдық өрт қауiпсiздігі ерекшелігін растайтын материалдар ұсынылады. 8. Құжаттардың жобаларын қарау және келiсу (30) отыз күнге дейiнгі мерзiмде жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Ұсынылған құжаттардың жобаларын талдау негізiнде өрт қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлетті орган, аумақтық өртке қарсы қызмет органдары мемлекеттік құжаттардың жобаларын келiсу немесе келiсуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 10. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган, аумақтық өртке қарсы қызмет органдары өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi бiрiншi бетiне елтаңбасы бар мөр қойып, бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын адамның қолын қою жолымен, басқа құжаттарды - қорытынды шығару жолымен келiседi. Құжаттар қолы мен мөрiнiң түпнұсқасы болған жағдайда ғана келісілген болып саналады. 11. Құжаттардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілетті орган, аумақтық өртке қарсы қызмет органдары келiсуден бас тартудың ceбeбін көрсете отырып, ол туралы әзiрлеушiге жазбаша хабарлайды. 12. Әзiрлеушi келiсуден бас тарту себебiн жойғаннан кейiн құжаттардың жобалары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті органға, аумақтық өртке қарсы қызмет органдарына қайтадан келiсуге жіберіледi. Құжаттарды қайтадан қарау және келiсу 15 (он бec) күнге дейiн мерзімде жүргізiледi. 13. Құжаттың бiр данасы, ол келісілді ме не жоқ па, оған қарамастан, өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілеттi органда аумақтық өртке қарсы қызмет органдарында қалады.
|