Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 140 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 124/ОД Бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Е.Ғ. Кәрібаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|