Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қоса беріліп отырған өзгерістердің 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын және қоса беріліп отырған өзгерістердің 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1668 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1-тармақ 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|