<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2005.28.06. № 63-III ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
 Заңы

 
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
(2009.02.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);

  • Показать изменения

бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);

  • Показать изменения

он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);

  • Показать изменения

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;

  • Показать изменения

2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;

  • Показать изменения

4) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;

  • Показать изменения

5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

  • Показать изменения

6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;

  • Показать изменения

7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам;

  • Показать изменения

8) учаскелiк комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;

  • Показать изменения

9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

10) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарына сәйкес функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Показать изменения

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға

берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы

1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) мынадай жағдайларда:

бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;

  • Показать изменения

2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;

  • Показать изменения

3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;

  • Показать изменения

4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.

  • Показать изменения

2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-бап. Жәрдемақыларды тағайындатуға өтініш беру

  • Показать изменения

1. Жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

2. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:

  • Показать изменения

1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);

  • Показать изменения

3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

  • Показать изменения

5) отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және балаларға арналған жәрдемақылар үшін);

  • Показать изменения

6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет (балаларға арналған жәрдемақы үшін);

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

  • Показать изменения

7) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін) қоса тіркелген өтініш береді.

  • Показать изменения

Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындатуға өтініш беру мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруге міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі

  • Показать изменения

1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді тиісті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Уәкілетті орган қажетті құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және жәрдемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті орган тиiстi шешiм шығарғаннан кейiн бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.

  • Показать изменения

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың себебiн жазбаша дәлелдеуге және өтiнiш берушiге құжаттарды қайтаруға мiндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Уәкілеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау

мен төлеу

1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.

2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8 бап 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

  • Показать изменения

8-бап. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау

мен төлеу

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.

  • Показать изменения

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.

2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

4. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен

төлеу

  • Показать изменения

1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Азаматтар алғаш рет өтініш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгергенде, уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі туралы шешім қабылдайды.

  • Показать изменения

Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға табыс етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4.Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу балаларға арналған жәрдемақы тағайындату үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті органға табыс етілетін құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

  • Показать изменения

9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

  • Показать изменения

1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.

  • Показать изменения

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

10-бап. Жәрдемақылар мөлшері

 

  • Показать изменения

1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде:

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:

  • Показать изменения

бірінші, екінші, үшінші балаға - 30 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

төртінші және одан кейінгі балаларға - 50 айлық есептік көрсеткіш;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2 тармақша 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:

  • Показать изменения

бірінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

екінші балаға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

үшінші балаға - 7,5 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

3) балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш;

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

  • Показать изменения

4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

  • Показать изменения

Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар - тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - жалақының ең төменгі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2 Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті.

  • Показать изменения

Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату

  • Показать изменения

1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:

  • Показать изменения

1) баланың қайтыс болуы;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақшамен толқтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 4-тармақшамен толқтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

  • Показать изменения

Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға

берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы

заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 28-і.

№ 63-III