Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ішкі әскерлері туралы (2012.16.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1 бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (2008.01.01 қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету; 2) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; 3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету; 4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару; 5) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу; 6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау; 7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу; 8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу. Iшкi әскерлерге жүктелген мiндеттердi орындауды: iшкi әскерлердi әскери басқару органдары; оперативтiк мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлiмдер; маңызды мемлекеттік объектiлердi және арнайы жүктердi күзету жөніндегі арнайы әскери бөлiмдер; түзеу мекемелерiн күзету және айдап апару жөніндегі құрамалар мен әскери бөлiмдер; арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлiмдер; арнайы мақсаттағы бөлiмшелер; iшкi әскерлердiң әскери полициясы; iшкi әскерлердiң әскери оқу орны; iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ететiн әскери бөлiмдер жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды. IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Iшкi әскерлер қызметiн ұйымдастырудың принциптерi мен негiздерi Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам хұқығын сақтау және дара басшылық принциптерi арқылы жүзеге асырылады. Әскерлердi тiкелей басқаруды - iшкi әскерлер Қолбасшысы жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын iшкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға оперативтiк бастықтар болып табылады. 09.12.98 ж. № 307-1 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу тілі Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. 2 бөлiм. Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының iшкi әскерлерге басшылық жасау жөніндегі өкiлеттiгi
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Президентi: - соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды; - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады. - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі: - iшкi әскерлердiң құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекiтедi; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды; - iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттік объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды; - берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттік объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi; - iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады; - iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi; өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: - iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады; - келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Iшкi iстер министрi: Ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады; Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен Ішкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткізу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; Республика Үкіметінiң қарауына Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi; Ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасыныә Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде айқындайды; Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады; Ішкі әскерлердің мерзімді әскери қызметшілерді шақыруды және Ішкі әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етеді; Ішкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынады; Iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді.
11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 10-1-бап өзгертілді 10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы Ішкі әскерлер қолбасшысы: Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді; бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады; Ішкі істер министріне Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді; әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүліктің қабылдануын қамтамасыз етеді, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын, құрамалардың командирлері мен әскери оқу орындарының бастықтарын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс жасайды.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: - өз құзыретi шегiнде iшкi әскерлердiң құрамаларын, бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қарамағындағы аумақта құрып, орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлігі ұсыныстарын қарауға қатысады; - iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi; - iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командованиесiне iшкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi; осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары мен мекемелерi мiндеттерiн төтенше жағдай кезiнде атқарушы iшкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi. Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлігінiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары: Iшкi iстер министрінің рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн пайдаланады; құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды; әскери бөлiмдер мен iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды; iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген Ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің тіршілігіне тиiстi жағдайлар туғызады;
24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді 14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады. Әскери кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады. ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді 15-бап. Iшкi әскерлердiң комитеті Ішкі әскерлер комитеті бейбіт уақытта және соғыс уақытында Ішкі әскерлерді әскери басқару органы болып табылады және әскерлердi тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдырушылық әзiрлiкте ұстауға, iшкі әскерлердің құрылысы мен дамуы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға, олардың ұйымдық-штат құрылымын жетiлдiруге, iшкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iстерiн ұйымдастыруға арналған. Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірге бiрлескен iс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды.
3 бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді 16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады. Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киім үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады. Iшкi әскерлер қызметкерлерінің еңбек жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. 09.12.98 ж. № 307-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді 17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет Ішкі әскерлер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке құрамнан жасақталады. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртібі, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртібі Әскери қызметтi өткеру ережелерімен, әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады. Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери ант қабылдайды. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді 18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң хұқылық жағдайы Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi. Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актілерімен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерге жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенін куәландыратын жеке бастың куәлігі беріледі. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда 19-бап. Ішкі әскерлер кадрларын даярлау және кәсіптік деңгейін көтеру Сарбаздар мен сержанттарды (старшиналарды) даярлау Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің және Қарулы Күштерінің оқу бөлімдерінде (орталықтарында) жүзеге асырылады. Ішкі әскерлер үшін офицерлерді даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарында шарттық негіздерде жүзеге асырылады. Ішкі әскерлердің офицер құрамының және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің кәсіптік деңгейін көтеру әскери оқу орындарында, офицер құрамының біліктілігін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында жүзеге асырылады. 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қылмыс жасағаны және басқадай хұқық бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi. Азаматтар iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады. 4 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мен хұқықтары
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (2008.01.01 қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi Iшкi әскерлердiң жеке құрамына: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдау кезінде арнайы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету; 2) күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу; 3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; 4) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге және одан кері айдап апару, бұл объектілерді оларда сотталған адамдар жұмыс істеген уақытта күзету; |