Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2009.9.02. № 123 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 3-тармақта: «Темір жол,» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Темір жол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - лицензиар) береді»; 6-тарауда: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Есепке алу және бақылау»; мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын: «23. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.«; көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында: екінші абзацтың 4) тармақшасындағы «болуын қамтиды.« деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың; 6) қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды.»; 3) ҚР Үкіметінің 2012.20.11. № 1463 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|