«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы мен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 972 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 725 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Ресдубликасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қолдансын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|