Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысымен бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Фильмдер тізілімі) тіркеледі. 3. Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат. 4. Прокаттау куәлігін мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) өзі бекітетін нысан бойынша береді. 5. Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш. Өтініште міндетті түрде төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс: фильмнің атауы; фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|