Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 50) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 676 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
1. Осы азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын айқындайды. 2. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҚҰ) өз қызметін дербес заңды тұлға ретінде немесе азаматтық авиация ұйымының құрамында жүзеге асырады. 1) әуежайдың қоймаларына жанар-жағармай материалдарын және арнайы сұйықтықтарды (бұдан әрі - ЖЖМ) қабылдауды; 2) ЖЖМ-ді сақтауды; 3) ЖЖМ-ді құюға дайындауды және беруді; 4) ЖЖМ-ді азаматтық әуе кемелеріне құюды жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|