«Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (2015.10.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2118 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда № 220-221 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулы мен шешімнің қосымшасы осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің интернет-ресурста жариялануына бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К.Мұқановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|