ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа
Осы Қағидалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдаудың тәртібін белгілейді. 1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) өтініш беруші - хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға; 2) қабылдайтын ұйым - хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы; 3) хабарлама - қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат; 4) соңғы қабылдаушы - қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілер тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган. 2. Хабарламаларды қабылдау үшін қабылдайтын ұйымдарда тиісті үй-жайлар жабдықталады, оларда: 1) кезек күту орындары; 2) хабарлама толтыру үлгілері және өзге де қажетті ақпараттары бар ақпараттық стенділер; 3) хабарламаларды қабылдау бойынша қабылдайтын ұйымның және соңғы қабылдаушының жұмыс кестесі; 4) шағымдар және ұсыныстар жинау үшін жәшіктер көзделуі тиіс. 3. Қабылдайтын ұйым оларды толтыру үшін өтініш берушілерге хабарлама нысандарын беруді тегін қамтамасыз етуі тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|