Қазақстан Республикасы Президентінің (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 457
Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2012 ж., № 6, 114-құжат): 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоса беріліп отырған: 1) АЭА туралы ереже; 2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде: 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:»; 3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын. 3. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|