|
|
|
Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2015.04.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 405 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туроператорлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 428-құжат); 3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 185-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі. ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 405 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |