Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1541 қаулысымен бекітілген
Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) күзетілетін объект - магистральдық құбырдың бірыңғай өндірістік-технологиялық кешеніне кіретін күзетілетін мүлік (ғимарат, құрылыс, құрылым, жер учаске, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай, өзге мүлік); 2) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|