Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 4)тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін белгілейді. 2. Этил спиртін сақтау мен өткізу этил спиртін өндіруге арналған лицензияның бар болған кезінде этил спиртін өндірушінің қойма үй-жайларынан жүзеге асырылады. Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге арналған лицензия, өндірушіге алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімі өндірісінің орналасқан қойма үй-жайында сақтау құқығын береді. 3. Этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелту, қабылдап алу): 1) бөлінген квота шегінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық ұйымдарына қызметтің тиісті түріне арналған лицензияларды өздері көрсеткен кезде, акциз төлемдерін төлемей; 2) мыналарға: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|