Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер
Осы редакция 2013 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы»; кіріспедегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында» деген сөздер «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары, 3-тармақ алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 543-құжат): 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 39 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 17-құжат). 3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі
1. Осы Ереже өзіне: 1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шығуын; 2) жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруін (шығуын), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін; 3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуін қамтитын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібін реттейді. 2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарымен, осы Ереженің қағидаларымен анықталады және халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері арқылы мынадай автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібін белгілейді: автобустар; жүк автомобильдері (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам); мамандандырылған автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған); арнайы автомобильдер (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған). 4. Шетелдік азаматтардың (жүргізушілер және жүктерді алып жүретін немесе жолаушылар ретінде жол жүруші адамдар) Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарымен және Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесімен регламенттеледі. 5. Шетелдік автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру бағытын және осы автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат құжаттарын беру тәртібі
6. Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті рұқсат құжатының - жол жүруге рұқсаттың негізінде жүргізіледі. 7. Егер шетелдік автокөлік құралы тіркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылатын болса, осы шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін тіркеу талонының негізінде жүзеге асырылады. 8. Үшінші мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткізу пунктіне дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктінен үшінші мемлекеттің аумағындағы жеткізу пунктіне дейін жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (на) үшінші елдерге (ден) тасымалдауды орындауға рұқсат беруі - рұқсат құжатының негізінде рұқсат етіледі. 9. Көлік саласындағы уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен осы Ереженің 6 және 8-тармақтарында көрсетілген рұқсат құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізуі мүмкін. 10. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруге рұқсат сұраған жағдайда көлік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын төлегеннен кейін осы рұқсатты береді. 11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік рейстен кері бағытта келе жатқан шетелдік жүк автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағында жол-жөнекей жүк тиеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдік автокөлік құралы тіркелген елдің аумағына шығуға құқықты куәландыру үшін көлік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасы төленгеннен кейін беретін жол жүруге қосымша рұқсаттың болуы қажет. 12. Рұқсат құжаттарының бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады. Рұқсат құжаттарының бланкілерін дайындау, есепке алу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 13. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 14. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде рұқсат жүйесін орындаудың тәртібі мен шарттарын автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 15. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейіннен ресімдеу міндетінен босатпайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі
16. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің арасындағы жүктерді, жолаушыларды және багажды халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдік өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс. 17. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша ұсынылуы тиіс. 18. Жолаушылар мен жүктерді шетелдік автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункттің арасында тасымалдауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсіруді жүргізуге тыйым салынады. 19. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгілері бар автокөлік құралдарын пайдалануы тиіс. Бұл ретте тіркемелер мен жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттің тіркеу және айырым белгілері болуы мүмкін.
4. Отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдік рұқсаттарды беру тәртібі
20. Отандық автокөлік құралдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес рұқсат құжаттары бланкілерімен алмасу жүргізілген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы бұрын берілген өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасы төленгеннен кейін көлік саласындағы уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат құжаттарын ала алады. 21. Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат құжаты беріледі. 22. Пайдаланылған шетелдік рұқсат құжаттары оларды бұрын берген органға қайтарылуға тиіс. 23. Тасымалдаушының оған берілген шетелдік рұқсат құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді. 24. Егер шетелдік рұқсат құжаттарының бөлінген саны тасымалдаушылардың өтінім берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдік рұқсат құжаттарының бланкілерін бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 25. Отандық тасымалдаушыларға өтінім берілгеннен тыс шетелдік рұқсат құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері өтінім берген шетелдік рұқсат құжаттарының осы түрінен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкін. 26. Отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат құжаттарын беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру тәртібі
27. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі рұқсат құжаттың - жүгі бар немесе жүгі жоқ ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттың (бұдан әрі - арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады. 28. Арнайы рұқсатты көлік саласындағы уәкілетті орган қозғалыс бағыты белгіленгеннен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасы төленгеннен кейін береді. 29. Егер жүгі бар автокөлік құралының көлемі, массасы және (немесе) білікті жүктемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын болса, тасымалдау кезінде олардың арналуының өзгеруінсіз, шектен тыс шығындарсыз немесе олардың бүліну қаупінсіз екі немесе одан көп бөліктерге бөліне алмайтын бөлінбейтін жүктерді осы автокөлік құралымен тасымалдаған жағдайда ғана арнайы рұқсат беріледі.
|