|
|
|
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы (2021.15.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 64 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.15.03. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері: екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша - кепілсіз банк қарыздары бойынша 56 (елу алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 40 (қырық) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз; микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша - 56 (елу алты) пайыз болып бекітілсін. Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актіле жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |