«Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар; 2) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|