Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 417 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тұтынушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем (бұдан әрі - МАӘК); 3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 4) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 5) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржылындырылатын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның атқарушы органы; 6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау. 3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|