Денсаулық сақтау министрінің 2013.20.03. № 163 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 780 бұйрығына 3-қосымша
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
1. Осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді. 2. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру » мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Департамент) баламасыз негізде мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі - сараптама ұйымы) көрсетіледі. 3. Осы Регламентте мынадай анықтамалар қолданылады: 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар; 2) мемлекеттік қызметті алушы - уәкілетті органға мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жазған жеке немесе заңды тұлға; 3) рұқсат - уәкілетті органмен берілетін, жарнаманы тарату және орналастыру құқығын растайтын құжат; 4) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өтініш жазған сәтінен бастап құжаттардың қабылдануы мен тіркелуіне жауапты уәкілетті орган қызметкері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|