Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А -11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2007 жылдың 13 қарашасында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін. 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Н.Қауашев
2013 жылғы 16 қаңтардағы № А-1/23 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысымен бекітілді
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|