«Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2119 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 31 қаңтарда № 21 (8101) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі: осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау геология және жер қойнауын пайдалану облыстық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы А.С. Келбет «19» ақпан 2013 ж.
Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы Е.Д. Дүзмағамбетов «19» ақпан 2013 ж.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|