Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы (2013.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 8 қазандағы № 3-2/905 бұйрығымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013.19.09. № 3-1/433 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) республикалық малды асылдандыру орталығына жылдық қаражат бөлу сметасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) Қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына жылдық қаражат бөлу сметасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2013.03.12. № 3-1/625 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті және Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өз құзыреттері шегінде облыстар бойынша субсидиялаудың бекітілген көлемдеріне сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттермен аударылған қаражатты пайдалану мониторингін жүргізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|