Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 422 Қаулысымен күші жойылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1784 қаулысымен бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы - энергетикалық ресурстарды пайдалануға және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландыруға байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|